3 ҚАРАША, 2023
МОЗАМБИК
“Матай жазған ізгі хабар” чопи тілінде жарық көрді
2023 жылдың 29 қазанында Кисико қаласында (Мозамбик) арнайы кездесу өтті. Сол кездесуде Мозамбиктегі филиал комитетінің мүшесі Марселу Сантош бауырлас Матай кітабының чопи тілінде шыққанын хабарлады. Бағдарламаға қатысқан 460 адам бұл кітапты баспа түрінде алды. Сандық және аудио нұсқасы да сол кезде-ақ жүктеуге дайын болды.
Чопи тілінде 1,1 миллион адам сөйлейді. Олардың көбісі Мозамбиктің оңтүстігіндегі ауылдарда тұрады. 332-ден аса бауырлас чопи тіліндегі 7 қауым мен 5 топта қызмет етіп жүр. Чопи тілінде біздікінен бөлек басқа да Киелі кітап аудармалары бар, әйтсе де көбінде Құдайдың Ехоба деген есімі жоқ. Бұған қоса, бұл аудармалар қымбат тұрады әрі көне тілде жазылған.
Біз осы тілде сөйлейтін бауырластарымыздың қуаныштарына ортақпыз. Осы жаңа аударма Құдай сөзіндегі шындыққа шөліркеген адамдарға көмек болсын деп дұға ете береміз (Ишая 55:1).