Бетелдік экскурсиялар
Біз сізді филиалдарымызды көруге шын жүректен шақырамыз. Әдетте бұл ғимараттар Бетел деп те аталады. Кейбір филиалдарымызда келушілер өздігінше аралайтын көрмелер бар.
Экскурсиялар қайта ашылды. 2023 жылдың 1 маусымынан бастап көп елдегі филиалдарымызда экскурсиялар қайта өтетін болады. Көбірек мәлімет алу үшін, барғыңыз келген филиалмен байланысыңыз. Егер сізде тест қорытындысы коронавирус барын көрсетсе немесе суық тигеннің я тұмаудың белгілері байқалса, я болмаса жақында коронавируспен ауырған адаммен араласқан болсаңыз, экскурсияға келмеуіңізді сұраймыз.
Құрама Штаттар
Экскурсия туралы ақпарат
Экскурсияға жазылу. 20-дан аз адам
Экскурсияға жазылу. 20 не одан көп адам
Жазылған уақытты көру не ауыстыру
Экскурсияға арналған кітапшаны жүктеу. Уорвик
Экскурсияға арналған кітапшаны жүктеу. Паттерсон
Экскурсияға арналған кітапшаны жүктеу. Уолкилл
Көрмелер
Уорвиктегі көрмелер
Киелі кітап және Құдайдың есімі. Бұл көрмеде өте сирек кездесетін Киелі кітаптар көрсетіледі және адамдар Жазбалардан Құдайдың есімін алып тастауға қанша тырысса да, оның қалай сақталғаны жөнінде айтылады. Сондай-ақ көрмеде ішіндегісі өзгеріп тұратын галерея бар. Онда Киелі кітаптың некен-саяқ кездесетін аудармалары мен Киелі кітаппен байланысты жәдігерлер көрсетіледі.
Ехобаның атымен аталатын халық. Бұл көрме Ехоба куәгерлерінің рухани мұрасының тарихына үңілуге көмектеседі. Жәдігерлер, суреттер мен өмірбаяндар Ехоба өз халқын қалай жетелегенін, оларды үйретіп, өз еркін орындау үшін қалай ұйымдастырып келгенін мәлімдейді.
Дүниежүзілік бас басқарма. Іс-әрекеттен көрінетін сенім. Бұл интерактивті көрмеде Басқарушы кеңестің комитеттерінің жұмысы жөнінде айтылады. Сондай-ақ олардың Ехоба куәгерлеріне бірге бас қосу, шәкірттер дайындау, рухани ас-су қабылдау мен бір-біріне сүйіспеншілік көрсетуге қатысты Киелі кітаптағы нұсқауларды орындауға қалай көмектесетіні түсіндіріледі.
Паттерсондағы көрмелер
Бірінші ғасырдағы ауыл. Иса жерде болғанда адамдардың қалай өмір сүргенін ойлап көрдіңіз бе? “Бірінші ғасырдағы ауыл” көрмесінен сол замандағы адамдардың қалай өмір сүргендерін, немен айналысқандарын біле аласыз, тіпті өзіңіз сол істерді жасап көре де аласыз. Бұл көрме сізге Киелі кітапты жан бітіре оқуға көмектеседі.
Бірінші ғасырдағы тиындар. Бұл көрмеде “Мәсіхшілердің грек жазбаларында” айтылған бірінші ғасырдағы тиындарды көре аласыз. Әр тиын туралы қызықты мәліметтерді біліп, олардың Киелі кітапта айтылған оқиғаларға қандай қатысы бар екенін білетін боласыз.
“Балаларыңның бәрі Ехобадан тәлім алады”. Бұл көрме ұйымымыздағы түрлі мектептер мен курстар жайлы баяндайды. Сол мектептердің жақсы тәлімгер болуға, қауымда ақсақал болып қызмет етуге қалай көмектесетінін біле аласыз.
“Ізгі хабарды қорғау мен оны заңдастыру”. Бұл көрмеде қатты қарсылыққа кезіксе де сенімдерінен бас тартпаған Ехоба куәгерлері жайлы көрсетілетін болады. Ұйымымыз уағыз ісін дүниежүзі бойынша заңдастыру үшін не істегенін біліңіз.