Мазмұнға өту

Неге Ехоба куәгерлері ғибадат еткенде айқышты қолданбайды?

Неге Ехоба куәгерлері ғибадат еткенде айқышты қолданбайды?

Көп адам айқышты христиан әлемінің айрықша белгісі деп біледі. Ехоба куәгерлері мәсіхші болғанмен, ғибадат еткенде айқышты қолданбайды. Не себепті?

Бірінші себеп — Иса айқышта өлмеген. Киелі жазбаларда оның жай тік бөренеде өлгені айтылған. Екінші себеп — Киелі жазбалар: “Пұтқа табынушылықтан қашыңдар!”— деп қатаң ескертеді, яғни ғибадат еткенде айқышты қолдану пұтқа табынумен пара-пар (Қорынттықтарға 1-хат 10:14; Жоханның 1-хаты 5:21).

Иса: “Менің шәкіртім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деп, маңызды жайтқа назар аударды (Жохан 13:34, 35). Демек, оның шынайы шәкірттерінің айрықша белгісі — айқышты не қандай бір бейнені қолданғандары емес, риясыз сүйіспеншілік танытқандары болу керек еді.