Ехоба куәгерлерінде әйел адамдар уағыздай ма?
Иә. Ехоба куәгерлерінің барлығы, оның ішінде бірнеше миллион әйел де уағыздайды. Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, “көптеген қыз-келіншек оны [қуанышты хабарды] хабарлады” (Зәбүр 68:11).
Ехоба куәгерлерінің ұйымындағы әйелдер Киелі жазбаларда жазылған әйелдердің үлгісіне еліктейді (Нақыл сөздер 31:10—31). Олар қауымда жетекшілік етпегенмен, уағыз ісіне толықтай атсалысады. Балаларына да Киелі кітаптағы нұсқауларды үйретеді (Нақыл сөздер 1:8). Айтқан сөздері мен істерінде үлгілі болу үшін Куәгер әйелдер аянбай тер төгеді (Титке 2:3—5).