Уорвиктің 7-ші фотогалереясы (2016 қыркүйек—2017 ақпан)
Осы фотогалереяда Ехоба куәгерлерінің жаңа бас басқармасында жұмыстың қалай аяқталғанын және ерікті қызметшілердің осы кешенді 2016 жылдың қыркүйек айы мен 2017 жылдың ақпан айы аралығында қалай қолдана бастағанын көреміз.
2016 жыл, 8 қыркүйек. Уорвик құрылыс нысаны
Қазіргі уақытта Уорвиктегі барлық ғимараттар қолданыста. Қыркүйек айының басында Уорвикте 500-дей адам тұрды. Бұл құрылысқа қатысқан ерікті қызметшілер мен Бруклиннен көшіп келген толық уақытты қызметшілер еді.
2016 жыл, 20 қыркүйек. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Суретші “Ехобаның атымен аталатын халық” деген көрменің кіреберіс дуалындағы айналарды тексеруде. Көрмеге тарихи реңк беру үшін кафель тәрізді айналардың беті ескі болып көрінетіндей жасалған.
2016 жыл, 28 қыркүйек. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің мүшесі Стивен Летт Уорвиктен трансляцияланған алғашқы таңғы ғибадаттың төрағасы болды. Сол таңғы ғибадатта Летт бауырлас 27 000-нан астам құрылысқа жәрдемдескен ерікті қызметшілерге және жобаға түрлі жолдармен қатысқан көптеген бауырластарға алғыс хат оқыды.
2016 жыл, 3 қазан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Өздігінше аралайтын үш көрменің біріндегі кіреберіс белгіге әріптер қойылуда. “Ехобаның атымен аталатын халық” атты бұл көрме Ехоба куәгерлерінің 1870 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды.
2016 жыл, 5 қазан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Жазушылар комитеті өздерінің көмекшілері мен Жазушылар бөлімінің мүшелерімен кездесуде. Үлкен мониторлардан жарық көретін әдебиеттердің суреттері көрсетілуде, сондай-ақ басқа да кешендердегі бөлімдер сол кездесуге қатыса алуда. Бірнеше жыл бұрын садақа ретінде берілген үстел Бруклиннен Уорвикке алып келінді.
2016 жыл, 20 қазан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Үйлестірушілер комитетінің мүшесі комитеттің қарамағында жұмыс істейтін бауырластармен бірге Филиппинде небәрі бір күн бұрын болған Хайма (Лаун) атты сұрапыл тайфуннан жапа шеккендерге көмектесудің жолдарын талқылауда. Видео байланыс құрылғысы бас басқармадағы бөлімдерге шұғыл істерді тез жеткізуге және дүниежүзіндегі филиалдармен байланысуға мүмкіндік береді.
2016 жыл, 28 қазан. Техникалық қызмет көрсету ғимараты мен тұрғындарға арналған көлік тұрағы
Су тоғаны техникалық қызмет көрсету ғимараты мен негізгі жолды бөліп тұрады. Осы тоған және Уорвиктегі басқа да тоғандар жаңбырдан кейінгі суды табиғи жолмен тазартады. Осылай суды жер астына жіберетін жүйені орнатуға кететін шығынды 50 пайызға дейін үнемдейді. Сондай-ақ аталмыш тоғандарда тазартылған су жылғаларға ағып кетеді де, өсімдіктер мен жануарлардың таза ортада мекен етуіне септігін тигізеді.
2016 жыл, 4 қараша. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Көшуге көмектесетін топ жүкті қабылдайтын жерге түсіріп жатыр. Шамамен 80 қызметші бас басқармадағы бауырластарға Бруклиннен Уорвиктегі жаңа үйлеріне көшуге көмектесті.
2016 жыл, 14 желтоқсан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Наубайшылар қамырды араластыратын дәу ыдыстан үстелдің үстіне қойып жатыр. Ыдыстағы қамыр 45 келіден асатындықтан, ыдысты көтеретін құрылғы жұмысты жеңілдетіп, қауіпсіз етеді. Сондай-ақ Уорвиктегі наубайханада қамырға арналған аппарат бар. Оның көмегімен температура мен ауа ылғалдылығын өзгертіп, қамырдың ашуын тездетуге не баяулатуға болады. Бұл құрылғы апта сайын жүздеген нан пісіруге кететін күшті үнемдейді.
2016 жыл, 14 желтоқсан. Техникалық қызмет көрсету ғимараты мен тұрғындарға арналған көлік тұрағы
Тазалық бөліміндегі қызметшілер техникалық қызмет көрсету ғимаратынан қоқысты шығарып жатыр. Бруклиндегі ғимараттардан өзгешелігі, Уорвиктегі ғимараттардың көбісі өзара біріктірілген, сондықтан қоқыс пен қайта өңдеуге болатын материалдарды жинауға қажетті адамдар мен көліктердің саны азайды.
2016 жыл, 14 желтоқсан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Бір бауырлас киімге қыртыстарын тегістеу үшін су шашып жатыр және арнайы формаға кигізіп үтіктеп жатыр. Уорвиктегі кір жуатын бөлімде орта есеппен 5000 астам килограмм киім мен басқа да нәрселер жуылады. Бұл заттарды жоғалтып алмас үшін, бөлімдегі бауырластар оларға арнайы код жабыстырады. Бұл код кір жуатын бөлмеде бірнеше жерде сканерленеді. Осының арқасында барлық заттар дұрыс жуылады және дұрыс бөлімге не бөлмеге қайтып апарылады.
2016 жыл, 20 желтоқсан. Техникалық қызмет көрсету ғимараты мен тұрғындарға арналған көлік тұрағы
Механик электр станциясында қолданылатын машинаны тексеріп, жөндеп жатыр. Осының арқасында машина бұзылмастан ұзақ жұмыс істейді және оны қолданатындар қауіпсіздікте болады.
2017 жыл, 10 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Бір қызметші “Іс-әрекеттен көрінетін сенім” көрмесіндегі кіріспе көріністі көрсететін компьютер жүйесін тексеріп жатыр.
2017 жыл, 11 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Ұсталар “Ехобаның атымен аталатын халық” көрмесінде көрсетілетін 1903 жылы жасалған велосипедті дайындап жатыр. Бұл садақа ретінде берілген велосипедті Уорвиктегі жұмысшылар жақсылап жөндеген. Ол Киелі кітап хабарын таратқанда осындай көлік түрін қолданған Киелі кітап зерттеушілерінің (кейін Ехоба куәгерлері деп аталған) еңбектері мен барған құрбандықтарын көрсетеді.
2017 жылы, 12 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Ұсталар “Жаратылыс фотодрамасымен” байланысты заттарды қоршап тұратын әйнек орнатып жатыр. Киелі кітапқа негізделген жылжымалы бейнелер мен суретті слайдтардан тұратын бұл фотодрама 1914 жылы алғаш көрсетіліп, оны сол жылы 9 миллиондай адам көрген.
2017 жылы, 12 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Мұрағат ісінің мамандары және дизайнер “Киелі кітап және Құдайдың есімі” көрмесінде Цюрих латын тіліндегі 1544 жылғы Киелі кітапты дайындап жатыр. Киелі кітаптың жиегінде көрсетілген қызыл белгілер Ехоба деген Құдайдың есімін табуға көмектеседі. Мұрағат ісінің мамандары бірнеше жолмен осы көне Киелі кітаптарды сақтап қалуға тырысады. Мысалы, оларды беттерінің күйіне әсер етпейтін матаның үстіне қояды, көрмедегі ауа ылғалдылығы мен температураны қадағалайды және Киелі кітаптардың нәзік беттерін бұзылудан қорғау үшін арнайы шамдарды тексеріп, ауыстырып отырады.
2017 жылы, 16 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Қонақтар бетелдіктермен бірге жүріп, 23 метрлік мұнарадан Уорвик кешенінің ерекше көрінісін көре алады. 2017 жылдың 3 сәуірінде көрмелерді өздігінше аралайтын және Уорвик ғимараттарына арналған экскурсиялар басталды. Экскурсияға барғысы келетіндер онлайн брондау арқылы белгілі бір уақытқа алдын ала жазылу керек. Оны біздің сайтымыздағы БІЗ ЖӨНІНДЕ/ФИЛИАЛ ЖӘНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ деген жерден істей аласыз.
2017 жыл, 19 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Мұрағат ісінің мамандары өте сирек кездесетін 1611 жылы алғаш шығарылған “Король Яковтың аудармасын” көрмеге қойып жатыр. Арнайы витриналарды Уорвиктегі қызметшілер жақсылап ойластырып жасаған.
2017 жыл, 19 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Дизайнер арнайы витринаға баскиім қойып жатыр. Бұл баскиім бір ғасыр бұрын Ехоба куәгерлерінің ісінде жетекшілікті қолға алған Джозеф Рутерфордтікі еді. “Ехобаның атымен аталатын халық” атты көрменің осы бөлігі алғашқы Куәгерлердің Патшалық жайлы ізгі хабарды уағыздауда салған күштерін көрсетеді.
2017 жыл, 20 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Дыбыс жазу студиясында қызмет ететін бауырластар бір ер бауырластың “Киелі кітап және Құдайдың есімі” атты өздігінше аралайтын көрме жайлы оқығандарын жазып жатыр. Дыбыс жазу студиясы және басқа да жабдықтар Бруклиннен Уорвикке көшірілгеннен кейін, бір аптадан асық уақыттың ішінде студия қайтадан жұмыс істей бастады. Бұл студия да (Паттерсонда Күзет мұнарасының білім орталығындағы негізгі дыбыс жазу студиясының қосалқы студиясы) “Жаңа дүние аудармасын”, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарын және jw.org сайтындағы мақалаларды және басқа да аудио басылымдарын жазу үшін қолданылады.
2017 жыл, 27 қаңтар. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Ұстаның көмекшісі көрмедегі суреттердің жиектерін бояп жатыр. “Ехобаның атымен аталатын халық” атты көрменің бұл бөлігінде XIX ғасырдың соңындағы Киелі кітап зерттеушілерінің суреттері бар.
2017 жыл, 15 ақпан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Суретші “Ехобаның досы бол” деп аталатын бірнеше бөлімнен тұратын мультфильмдегі Аян есімді кейіпкерді бояп жатыр. Аянның макеті Ехоба куәгерлерінің әсіресе балаларға арнап шығарған құралдар мен бағдарламаларды көрсететін көрмеде тұратын болады.
2017 жыл, 15 ақпан. Кеңселер мен қызмет көрсету ғимараты
Ұста “Ехобаның атымен аталатын халық” атты көрмеге арналған суреттер мен белгілерді қырқып жатыр. 250-ден астам адам, солардың арасында ұсталар, программисттер, дизайнерлер, электршілер, кафель жабыстырушылар, видеографтар және жазушылар үш тарихи көрмені ойластырудан бастап оны жүзеге асырғанға дейін тер төкті.