Киелі кітаптың негізгі ілімдері. Бейнероликтер
Бұл қысқа бейнероликтер Киелі кітапқа қатысты маңызды сұрақтарға жауап береді. Мысалы, Алла Тағала жерді не үшін жаратты? Өлген адамдар қандай күйде болады? Құдай неге қайғы-қасіретке жол береді?
Бүкіл ғалам қалай пайда болды?
Киелі кітапта жазылған жаратылу тарихын кейбіреулер дұрыс түсінбейді не жай аңыз деп көреді. Алайда ол шындық болса ше?
Құдай бар ма?
Құдайға сенудің ойға қонымды екенінің дәлелдерін біліңіз.
Алла Тағаланың есімі бар ма?
Құдайдың көп лауазымы бар. Мысалы, Құдіретті, Жаратушы, Раббы. Бірақ Киелі кітапта оның дара есімі 7000-нан астам рет кездеседі.
Құдаймен дос болу мүмкін бе?
Ғасырлар бойы адамдар Жаратушысы жайлы білгісі келген. Киелі жазбалар бізге Құдаймен дос болуға көмектеседі. Бұл достық оның есімін білуден басталады.
Киелі кітаптың авторы кім?
Егер Киелі кітапты адамдар жазған болса, оны Құдай Сөзі деуге бола ма? Киелі кітапта кімнің ойы жазылған?
Киелі кітап Құдайдан ба?
Киелі кітаптың авторы Құдай болса, ол дүниедегі ең ерекше кітап болуы тиіс.
Алла Тағала жерді не үшін жаратты?
Жер беті сұлулыққа тұнып тұр. Ол күннен ең қолайлы қашықтықта, ең ыңғайлы көлбеу бұрышпен орналасқан, әрі өз осінен ең оңтайлы жылдамдықпен айналады. Алла Тағаланың жер бесігімізді осылай етіп жаратуына не себеп болды?
Өмірдің мәні неде?
Шынайы бақыт пен өмірдің мәні неде екенін біліңіз.
Өмірдегі маңызды сұрақтардың жауабын қайдан таба аласыз?
Сізді өмірге, өлімге және болашаққа қатысты сұрақтар мазалаған ба? Осы және басқа да сұрақтарға қанағаттанарлық жауап таба аласыз! Бірақ қайдан?
Өлген адамдар қандай күйде болады?
Киелі кітапта көптеген адамның Елазар сияқты қайта тірілетіні уәде етілген.
Тозақ оты бар ма?
Құдай қайтыс болған адамды бұрын жасаған күнәлары үшін ешқашан азаптамайды, себебі Киелі кітапта: “Құдай — сүйіспеншілік”,— делінген.
Иса Мәсіх Құдай ма?
Иса Мәсіх Құдіретті Құдай ма? Әлде екеуі екі бөлек тұлға ма?
Иса пайғамбар не үшін өлді?
Киелі кітапта Иса пайғамбардың өлімінің мәні зор екені айтылған. Оның өлімінің мәні неде?
Құдай Патшалығы деген не?
Иса пайғамбар жерде болғанда, басқа тақырыптарға қарағанда Құдай Патшалығы жайлы өте көп тәлім берген.
Құдай Патшалығы 1914 жылы билік ете бастады
Осыдан 2600 жылдан аса уақыт бұрын Құдай Тағала бір қуатты патшаға пайғамбарлық түс көрсетеді. Сол түс біздің күнімізде орындалып жатыр.
1914 жылдан бастап әлем өзгерді
1914 жылдан бастап болып жатқан әлемдегі жағдайлар мен адамдардың мінез-құлқының өзгеруі “соңғы күндер”, яғни ақырғы заман туралы айтылған Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың орындалып жатқанын дәлелдейді.
Табиғи апаттар Құдайдың жазасы ма?
Табиғи апаттан зардап шеккен екі әйел Киелі жазбалардан не білгенін баяндап береді.
Құдай неге қайғы-қасіретке жол береді?
Көп адамды “Неге бұл дүние жеккөрініш пен қайғы-қасіретке толы?” деген сұрақ мазалайды. Киелі кітапта бұл сұраққа қатысты жұбаныш беретін толыққанды жауап бар.
Құдай Тағала барлық дінді құп көре ме?
Көп адамның ойынша, діннің жаманы жоқ.
Мүсінге табынуды Құдай мақұлдай ма?
Олар бізді көзге көрінбейтін Құдайға жақындата ала ма?
Құдай Тағала барлық дұғаларды қабыл ала ма?
Адам қара басын ойлап дұға етсе, Құдай құлақ аса ма? Күйеуі бүгін әйеліне қол көтеріп, ертеңіне Құдайға сиынса, мұнысы қабыл болады ма?
Құдай некеге қалай қарайды?
Құдай некеңіздің баянды болғанын қалайды. Ондағы кеңестер көптеген жұптарға көмектескен.
Порнография Құдай алдында күнә ма?
Киелі кітапта “порнография” деген сөз бар ма? Құдайдың бұған деген ойын қайдан білеміз?