НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КЕРЕМЕТ СЫЙ ҚАНДАЙ?
“Бұл өмірімдегі ең керемет сыйлық!”
Бұл сөздерді сыйлыққа күшік алған он үш жасар қыз айтқан еді. Басқа бір іскер әйел үшін ең керемет сый жоғарғы сыныпта оқып жүргенде әкесі сыйлаған компьютер болған екен. Осы сыйлықтың арқасында оның өмірі біржолата өзгерген еді. Бір ер кісіге болса үйленгендеріне бір жыл толғанда әйелінің қолдан жасап сыйлаған ашықхаты өмірінде алған ең керемет сый болған.
Жыл сайын қандай да бір салтанатты жағдайда көптеген адам дос-туыстарына сыйлық жасау үшін көп күш пен уақыт жұмсайды. Берген сыйлықтарын ризашылықпен қабылдап, мәз болып жатса, олардың қуанышында шек болмайды. Ал сіз ше? Сіз де жақсы сыйлық алғыңыз не сыйлағыңыз келер ме еді?
Сыйлықтың бір жақсысы — ол алған адамды ғана емес, берген адамды да қуантады. Киелі жазбаларда “алғаннан гөрі берген бақытты” деп айтылғаны бекер емес (Елшілердің істері 20:35). Достарыңыз берген сыйлығыңызды бағалап жатса, бақытыңызға бақыт қосылады емес пе?!
Олай болса, сыйлықтарыңыз өзіңізге де, өзгеге де шын бақыт әкелуі үшін не істей аласыз? Керемет сыйлық беруге шамаңыз келмесе, шынымен бағалы болатын сыйды беру үшін не істей аласыз?