ЖҰБАЙЛАР ҮШІН
4. Кешірімшілдік
НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Кешіре білу — көңілдегі реніштен, ашу-ызадан арылу деген сөз. Кешірімділік қателікке көз жұмуды яки түк болмағандай кейіп танытуды білдірмейді.
КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Егер әлдекімнің біреуге ренжуге себебі болса да, өзара төзімді болып, бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер” (Қолостықтарға 3:13).
“Әлдекімді жақсы көрсең, оның кем-кетігіне мән бермейсің. Қайта, жақсы болуға тырмысып жатқанына назар аударасың” (Альфред).
НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Өкпе-реніш пен ашу-ыза адамның тән саулығына да, жан саулығына да кері әсер етеді. Одан қалса, отбасының ойранын шығарады.
“Бірде күйеуім жаныма қатты батқан әрекеті үшін кешірім сұрады. Оны кешіру маған оңайға соқпаса да, түбінде кешірдім. Ал қазір “неге оны ертерек кешірмедім екен” деп өкінемін. Өйткені ертерек кешіргенімде, қарым-қатынасымыз сол кезде ушығып кетпес еді” (Джулия).
СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
ӨЗІҢІЗДІ ТЕКСЕРІП КӨРІҢІЗ
Жұбайыңыздың қандай да бір сөзіне я ісіне қатты ренжігенде, мына сұрақтар жөнінде ойланыңыз:
-
Мен мұны көңіліме тым жақын қабылдап жатқан жоқпын ба?
-
Менен кешірім сұрайтындай соншалықты ауыр қателік пе, әлде оған көз жұма салсам бола ма?
БІРГЕ ТАЛҚЫЛАҢЫЗДАР
-
Бір-бірімізді кешіру үшін қанша уақыт керек?
-
Мүмкіндігінше тезірек кешіру үшін не істесек болады?
КӘДЕГЕ ЖАРАР
-
Ренжіген кезіңізде, жұбайыңыз мұны әдейі істеді деген ойлардан қашық болыңыз.
-
Жұбайыңыздың әрекетін іштей ақтауға тырысыңыз, өйткені “бәріміз де көп сүрінеміз” (Жақып 3:2).
“Қателік екі жақтан да кетсе, кешіру оңай, ал бір жақ қана кінәлі боп көрінсе, әлдеқайда қиын. Кешірім сұрап иілген адамды кешіре білу үшін нағыз кішіпейілділік қажет” (Карина).
КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Мәселеңді тезірек шеш” (Матай 5:25).
Өкпе-реніш пен ашу-ыза адамның тән саулығына да, жан саулығына да кері әсер етеді. Одан қалса, отбасының ойранын шығарады