Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман жақын!

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман жақын!

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман жақын!

“Көп ұзамай зұлым адам ғайып болар, Ал кішіпейіл жандар елді иеленер, Бейбіт өмірдің рақатын мол көрер” (ЗАБУР 36:10, 11).

СІЗ бұл пайғамбарлықтың орындалғанын көргіңіз келе ме? Әрине, көргіңіз келетін шығар. Мұның жақында жүзеге асатынына сенімді болуға келелі себептер бар.

Алдыңғы мақалаларда осы дүниенің “соңғы күндері” өмір сүріп жатқанымызды анық көрсететін Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың кейбірін қарастырдық (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Жаратқан Иеміз бұл пайғамбарлықтарды бізге үміт сыйлау үшін жаздырған (Римдіктерге 15:4). Ал олардың көз алдымызда орындалып жатқаны жақында қайғы-қасіреттің атымен жоқ болатынын білдіреді.

Осы дүниенің соңғы күндері аяқталған соң не болады? Адамзат үстінен Құдай Патшалығы билік ететін болады (Матай 6:9, 10). Ол кезде жерде қандай жағдай орнайтыны Киелі кітапта былай суреттелген:

Ашаршылық жойылады. “Жерде астықтың, тауда жеміс ағаштарының молшылығы болады” (Забур 71:16 Тт).

Ауру-сырқау болмайды. “Бірде бір тұрғын “мен науқас едім” деп айтушы болмайды” (Ишая 33:24).

Жер қайта қалпына келеді. “Шөлді аймақ пен шөліркеген даланы қуанышты көңіл-күй кернейді, сөйтіп елсіз жатқан мекен дала нарцисс гүлі сияқты құлпырып шыға келеді” (Ишая 35:1).

Киелі кітапта жұбаныш сыйлайтын басқа да пайғамбарлықтар бар. Ендеше Ехоба куәгерлерінен бейбіт заманның келетініне неліктен сенімді екендерін неге сұрап көрмеске?