Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Сот күні деген не?
Киелі кітап жазылған заманда Құдай билерді пайдаланып, өз халқын әділетсіздіктен құтқарып отырған (Билер 2:18). Киелі кітапқа сай, болашақтағы Сот күні қуанышты кезең болмақ, өйткені Ехоба Құдай, Дүниежүзінің Биі, бүкіл адамзатты әділетсіздіктен құтқарады (Зәбүр 96:12, 13; Ишая 26:9 оқыңыз).
Құдай Иса пайғамбарды тірілерді де, өлгендерді де соттауға тағайындады (Елшілердің істері 10:42; 17:31). Көптеген адамдар Құдай туралы білмей, өмірден өтті. Иса Сот күні осындай адамдарды қайта тірілтіп, шынайы Құдайды танып-білуге әрі оны сүйетіндерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді (Елшілердің істері 24:15 оқыңыз).
Неліктен Сот күні мың жылға созылады?
Қайтыс болған адамдар мың жылдың ішінде қайта тірілтілетін болады (Аян 20:4, 12). Оларға Құдай жолдарын танып-білу үшін әрі соған сәйкес өмір сүріп үйрену үшін уақыт керек. Көпшіліктің пікіріне кереғар, Киелі кітапта адамдар қайта тірілгеннен кейінгі істеріне қарай сотталатыны айтылған (Римдіктерге 6:7 оқыңыз).
Сонымен қатар Киелі кітапта Сот күні аталмыш мың жыл басталмай тұрып аяқастынан болады делінген. Осы журналдың алғашқы мақалаларында айтылып кеткендей, бұл күн “заманның соңы” деп те аталады. Сол күні Ехоба барлық құдайсыздардың әрі зұлымдардың көзін құртады (Петірдің 2-хаты 3:7). Сондықтан Құдайға деген сүйіспеншілігімізді іс жүзінде көрсетудің қамын жасауымыз қажет (Петірдің 2-хаты 3:9, 13 оқыңыз).