Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Жақсы ата-ана болу үшін не істеу керек?
Ата-анасы бір-бірін сүйіп, құрметтейтін отбасында бала жақсы өсіп дамиды (Қолостықтарға 3:14, 19). Ехоба Құдай өзінің рухани Ұлы Иса Мәсіхті мақтағаны сияқты, ата-аналар да балаларын жақсы көруі және оларды мақтап отыруы керек (Матай 3:17 оқыңыз).
Көктегі Жаратушымыз өзіне ғибадат етушілердің дұғаларын тыңдайды және олардың не сезінетініне де көңіл бөледі. Сол сияқты ата-аналар да балаларының сезімдеріне мұқият болып, оларды тыңдай білгендері жөн (Жақып 1:19). Тіпті балалары жағымсыз не ауыр сөздер айтқан жағдайда да, ата-аналар сол сөздердің артында тұрған сезімдерді түсіне білгені маңызды (Мұсаның 4-жазбасы 11:11, 15 оқыңыз).
Балаларды қалай жауапкершілік сезіміне баулуға болады?
Ата-ана болғандықтан сіздің талаптар қоюға құқыңыз бар (Ефестіктерге 6:1). Бұл ретте кімнен үйренуге болады? Құдай бізге өз Сөзінде талаптарын және оларға құлақ аспаудың салдарын анық етіп түсіндіреді (Мұсаның 1-жазбасы 3:3). Бірақ ол адамзатты өзіне күштеп бағындырмайды, қайта, дұрыс нәрсені істеп, соның игілігін көруді үйретеді (Ишая 48:18, 19 оқыңыз).
Балаларыңызға Құдайды сүюді үйретіңіз. Сонда сіз қасында болмаған жағдайда да, олар ақылмен әрекет ететін болады. Құдайдың істеріне қарап өзімізге көп нәрсені түйе алатынымыздай, балалар да сіздің үлгі-өнегеңізге қарап, Құдайды сүюді үйрене алады (Мұсаның 5-жазбасы 6:5—7; Ефестіктерге 4:32; 5:1 оқыңыз).