Зәбүр 91:1—16

  • Құдайдың құпия жеріндегі қауіпсіздік

    • “Құс аулаушының тұзағынан құтқарады” (3)

    • “Қанатының астын паналайсың” (4)

    • Мыңы құласа да, аман қаласың (7)

    • Періштелеріне сені қорғауды бұйырады (11)

91  Алла Тағаланың құпия жерінде мекендейтін әркім+ Құдіреті шексіз Құдайдың саясын паналайды+.   Мен Ехобаға: “Сен менің панам әрі қорғанымсың+,Арқа сүйейтін Құдайымсың+”,— деймін.   Өйткені ол сені құс аулаушының тұзағынан,Ажалды індеттен құтқарады.   Қауырсындарымен қалқалайды,Сен оның қанатының астын паналайсың+. Оның адалдығы+ саған үлкен қалқан+, қорғайтын қабырға болады.   Түнгі үрейден шошынбайсың+,Күндіз атылған жебеден де қорықпайсың+,   Қара түнекте жайлайтын індеттен,Тал түсте қыратын апаттан үрейленбейсің.   Қасыңда мыңы құлайды,Оң жағыңда он мыңы сұлайды,Бірақ саған еш жамандық болмайды+.   Осылардың бәріне қарап қана тұрасың,Зұлымдардың жазаланғанының куәсі боласың.   Себебі сен: “Ехоба — менің панам”,— дедің,Алла Тағаланы мекендейтін тұрағың* еттің+. 10  Басыңа еш жамандық түспейді+,Шатырыңа да апат төнбейді. 11  Себебі ол сен туралы періштелеріне+ бұйрық береді,Олар сені қайда барсаң да қорғап жүреді+. 12  Аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін,Сені қолдарына алып жүреді+. 13  Жас арыстан мен кобраны аяғыңмен таптайсың,Абдан арыстан мен абжыланды жаншып тастайсың+. 14  Құдай былай деді: “Ол мені жақсы көргендіктен, мен оны құтқарамын+. Есімімді білгендіктен, оны қорғайтын боламын+. 15  Ол мені шақырады, ал мен жауап қатамын+. Қиын шақтарда қасынан табыламын+. Мен оны құтқарып, мерейін асырамын. 16  Оған ұзақ ғұмыр сыйлаймын+,Құтқаратын күшімді паш етемін+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “қамалың; панаң”.