Қорынттықтарға 1-хат 13:1—13
-
Сүйіспеншілік бәрінен де асып түседі (1—13)
13 Егер адамдар мен періштелер тілінде сөйлеп, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, онда мен даңғырлаған шыңдауыл* не шыңылдаған шың* болғаным.
2 Маған пайғамбарлық ету сыйы берілсе, бүкіл қасиетті құпияны түсінсем, барша білімді иеленсем+, сондай-ақ тауларды жылжыта алатындай сенімім болып, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, онда менен еш пайда жоқ+.
3 Өзгелерді тамақтандыру үшін бар дүние-мүлкімді сатсам+, өмірімді құрбан етіп, мақтана алатындай болсам, бірақ сүйіспеншілігім болмаса+, бұдан маған еш пайда жоқ.
4 Сүйіспеншілік+ шыдамды+ да мейірімді+; сүйіспеншілік қызғанбайды+, мақтанбайды, менменсінбейді+;
5 ол әдепсіз* емес+, өзімшіл де+, ашушаң да емес+, кек те сақтамайды+;
6 сүйіспеншілік әділетсіздікке емес, шындыққа қуанады+;
7 ол бәріне төзеді+, бәріне сенеді+, еш үмітін үзбейді+, бәріне төтеп береді+.
8 Сүйіспеншілік еш сарқылмайды. Пайғамбарлық айту, әртүрлі тілдерде сөйлеу* және білімге ие болу сыйлары сарқылады.
9 Себебі біліміміз де, пайғамбарлығымыз да толық емес+.
10 Алайда біз толық білімге ие болып, толығымен пайғамбарлық еткенде, толық еместің бәрі жоғалады.
11 Бала кезімде мен балаша сөйлеп, балаша ойлап, балаша пайымдадым. Ал енді ересек болып, балалықты тастадым.
12 Өйткені қазір көріп жүргеніміз — темір айнадағы көмескі нобай ғана, ал болашақта анық* көретін боламыз. Қазіргі білетінім толық емес, бірақ Құдай мені қалай толық білсе, сол кезде мен де оны солай толық білетін боламын.
13 Сонымен, қалатыны үш нәрсе: сенім, үміт, сүйіспеншілік. Ал бұлардың ең бастысы — сүйіспеншілік+.
Сілтемелер
^ Немесе “гонг”.
^ Немесе “жез табақшалар”.
^ Немесе “дөрекі”.
^ Яғни керемет түрде басқа тілдерде сөйлеу сыйы.
^ Сөзбе-сөз “бетпе-бет”.