Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-САБАҚ

Тімөте адамдарға көмектескісі келді

Тімөте адамдарға көмектескісі келді

Жас Тімөте адамдарға көмектесуді қалайтын. Бұл үшін ол көп жерді аралады. Сондықтан оның өмірі қызықты болды. Ол жайында білгің келе ме? ~

Әжесі мен анасы Тімөтеге Ехоба жайлы көп айтатын

Тімөте Листра деген қалада өскен еді. Кішкентай кезінде әжесі Лойда мен анасы Әунике оған Ехоба жайлы айтып, көп тәлім берді. Есейгенде Тімөте де адамдарға Ехоба туралы білуге көмектескісі келді.

Тімөте жігіт болғанда, Пауыл оны өзімен бірге басқа жерлерге барып, уағыз айтуға шақырды. Тімөте бұған келісті. Ол басқа елдерге барып, адамдарға көмектесуге дайын болды.

Пауылмен бірге Тімөте Македониядағы Салоника деген қалаға бет алды. Сол қалаға жету үшін, олар ұзақ жаяу жүрді, кейін кемемен жүзді. Қалаға жеткенде, олар адамдарға Ехоба жайлы білуге көмектесе бастады. Алайда кейбір адамдар ашуланып, оларға жамандық жасамақшы болды. Сондықтан Пауыл мен Тімөте қаладан кетіп қалды да, басқа жерге барып уағыздады.

Тімөтенің өмірі қуанышты әрі қызықты болды

Бірнеше ай өткенде Пауыл Тімөтеден Салоникаға барып, бауырластардың хал-жағдайын біліп келуді өтінді. Бірақ ол қалаға бару қауіпті болатын. Сондықтан Тімөтеге зор батылдық қажет еді. Ол бауырластарын уайымдап, жолға шықты. Кейін Пауылға жақсы хабармен оралды. Салоникадағы бауырластардың жағдайы өте жақсы екенін айтып келді.

Тімөте Пауылмен көп жыл қызмет етті. Бір жолы Пауыл Тімөтені қауымдарға көмектесетін ең жақсы қызметші деп айтты. Өйткені Тімөте Ехобаны да, адамдарды да жақсы көрді.

Сен адамдарды жақсы көресің бе? Оларға Ехоба жайлы білуге көмектескің келе ме? ~ Осылай етсең, сенің де өмірің Тімөтенің өміріндей қуанышты әрі қызықты болады!