Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-САБАҚ

Жалғыз қалып, қорыққан кезің болды ма?

Жалғыз қалып, қорыққан кезің болды ма?

Суреттегі кішкентай балаға қарашы. Ол жалғыз қалып, қорқып отырған сияқты. Сенің де қорыққан кезің болды ма? ~ Мұндай жағдай бәрімізде болып тұрады. Киелі кітапта жалғыз қалып, қорыққан кейбір адамдар туралы жазылған. Олар Ехобаның достары еді. Солардың бірі — Ілияс. Кел, Ілияс туралы оқиық.

Езабел Ілиясты өлтіргісі келді

Ілияс Исраилде Исаның туылуынан ұзақ уақыт бұрын өмір сүрген. Сол кездегі Исраилдің патшасы Ахаб шынайы Құдай Ехобаға қызмет етпейтін. Ахаб пен оның әйелі Езабел жалған құдай Бағалға табынатын. Сондықтан исраилдіктердің көпшілігі Бағалға табына бастады. Езабел патшайым өте жаман әйел еді. Ол Ехобаға қызмет ететіндердің бәрін, Ілиясты да, өлтіргісі келді. Сонда Ілиястың не істегенін білесің бе? ~

Ілияс алысқа қашып кетті! Ол шөл далаға барып, бір үңгірге жасырынды. Оның неліктен бұлай еткенін білесің бе? ~ Ол қатты қорықты. Бірақ ол қорықпау керек еді. Себебі бұрын Ехоба өзінің зор құдіретін көрсетіп, оған көмектескен болатын. Сонда ол Ілиястың дұғасына жауап беріп, көктен от жаудырған. Бұл жолы да Ехоба Ілиясқа көмектесе алар еді.

Ехоба Ілиясқа қалай көмектесті?

Ехоба үңгірде отырған Ілиястан: “Мұнда неге отырсың?”— деп сұрады. Сонда Ілияс: “Саған қызмет ететін менен басқа ешкім жоқ. Жалғыз мен ғана қалдым. Өлтіріп кете ме деп қорқып отырмын”,— деп жауап берді. Ілияс Ехобаның қызметшілерінің бәрі өлді деп ойлаған еді. Бірақ Ехоба оған: “Олай емес. Маған қызмет ететін 7000 адам бар. Сен батыл бол. Саған көп іс тапсырмақпын!”— деді. Ілияс мұны естіп қуанды ма екен? ~

Айта қойшы, Ілиястың оқиғасынан не білдің? ~ Өзіңді жалғыз қалдым деп, ешқашан қорықпа. Өйткені сенде Ехобаны және өзіңді жақсы көретін достарың бар. Ехобаның күші көп. Ол әрқашан көмекке келеді. Жалғыз қалмайтыныңды білгеніңе қуаныштысың ба? ~