Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

80-ТАРАУ

Иса он екі елшісін таңдады

Иса он екі елшісін таңдады

Исаның уағыздап жүргеніне бір жарым жыл болған еді. Енді оған бір маңызды шешім қабылдау керек болды. Өзімен бірге уағыздау үшін ол кімдерді таңдайды? Мәсіхшілер қауымында жетекші болуға кімдерді дайындайды? Иса бұндай шешім қабылдауға Ехобаның көмектескенін қалады. Сондықтан ол жалғыз болу үшін бір тауға көтеріліп, сол жерде түні бойы дұға етті. Таңертең Иса кейбір шәкірттерін шақырып алып, араларынан 12 елші таңдады. Олардың аттары есіңде ме? Олардың есімдері мынадай: Петір, Әндір, Жақып, Жохан, Філіп, Барталамай, Тома, Матай, Әлпейдің ұлы Жақып, Тадей, Шимон және Яһуда Исқариот.

Әндір, Петір, Філіп, Жақып

Бұл 12 елші енді Исамен бірге жүрді. Иса оларды үйреткеннен кейін жеке өздерін уағыздауға жіберді. Ехоба елшілерге жындарды қуып шығаратын және ауруларды айықтыратын күш берді.

Жохан, Матай, Барталамай, Тома

Иса 12 елшіні достарындай көріп, оларға сенген. Парызшылдар елшілерді білімі жоқ, қарапайым адамдар деп есептеді. Бірақ Иса олай ойламады. Ол елшілерге өздеріне тапсырылған істі қалай орындау керектігін үйретті. Олар Исаның өміріндегі ең маңызды сәттерде — өлерінің алдында және қайта тірілгеннен кейін — бірге болмақ еді. Елшілердің көбісі Иса сияқты Ғалилеядан болатын. Олардың арасында үйленгендері де болды.

Әлпейдің ұлы Жақып, Яһуда Исқариот, Тадей, Шимон

Елшілер кемелсіз болғандықтан, қателіктер жасады. Кейде олар ойланбай сөйлеген, кейде дұрыс емес шешімдер қабылдаған. Шыдамсыздық танытатын кездері де болған. Олар тіпті араларында кім бірінші деп дауласқан. Соған қарамастан олар Ехобаны сүйетін жақсы адамдар болған. Елшілер Иса қайтыс болған соң мәсіхшілер қауымының алғашқы мүшелері болмақ еді.

“Мен сендерді достарым деп атаймын, себебі Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім” (Жохан 15:15).