Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-САБАҚ

Интонация

Интонация

Нақыл сөздер 8:3, 4, 7

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Дауыс күшін, дауыс сарыны (тон) мен сөйлеу қарқынын (темп) өзгерте отырып, ойларды анық жеткізіңіз және тыңдаушылардың сезімдеріне әсер етіңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Дауыс күшін өзгертіп отыру. Басты ойларға екпін түсіру үшін я тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру үшін даусыңызды күшейтіңіз. Киелі кітаптағы үкімдерді оқығанда да осылай істеңіз. Тыңдаушыларды қызықтыру үшін немесе қорқыныш пен уайымды жеткізу үшін дауысты бәсеңдетіңіз.

  • Дауыс сарынын өзгертіп отыру. Шабытты жеткізу үшін немесе көлем мен қашықтықты суреттеу үшін дауыс сарынын көтеріңіз. Ал уайым-қайғы, мазасыздық сияқты сезімдерді жеткізгіңіз келсе, дауыс сарынын төмендетіңіз.

  • Дауыс қарқынын өзгертіп отыру. Қуаныш пен шаттықты көрсету үшін сәл ширақ сөйлеңіз. Маңызды ойларды айтып жатқанда, баяулау сөйлеңіз.