1-ТАРАУ
Құдай біздің қамымызды ойлай ма?
БҮГІНГІ дүние қиыншылыққа толы. Миллиондаған адам соғыс, табиғи апат, ауру мен жоқшылықтан, сондай-ақ жемқорлық сияқты басқа да зұлымдықтардан жапа шегуде. Сіздің де күнделікті уайымыңыз жетіп-артылатын шығар. Бізге кім көмектесе алады? Қамымызды ойлайтын біреу бар ма?
Біздің қамымызды Құдай ойлайды. Бұған еш күмәнданбасақ болады, өйткені Киелі жазбаларда ол былай деген: “Әйел емізулі баласын ұмыта ма? Құрсағынан шыққан ұлын аяйды емес пе?! Тіпті әйел өз баласын ұмытып кетсе де, мен сені ешқашан ұмытпаймын.” a
Бұл сөздер жанымызға жұбаныш береді емес пе?! Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігі дүниедегі ең күшті сезім — ананың балаға деген махаббатынан да асып түседі. Құдай бізді ешқашан қалдырмайды! Ол тіпті бізге көмектесіп, бақытты өмірдің кілтін ұсынып отыр. Бұл кілт — шынайы сенім.
Шынайы сеніміміздің болғаны бізді бақытқа бөлейді. Мұндай сенім көп қиындықтың алдын алуға, ал арыла алмайтын қиындықтармен қажымай күресуге көмектеседі. Сондай-ақ Құдайға жақындатып, жантыныштығын сыйлайды. Бұған қоса, шынайы сенім керемет болашаққа, яғни жерде болатын жұмақтағы мәңгілік өмірге жеткізеді!
Алайда шынайы сенім деген не? Оны қалай дамытуға болады?
a Киелі жазбалардан Ишая 49:15-ті қараңыз.