119-ӘН
Сеніміміз берік болғай
-
1. Құдай жіберіп пайғамбарларын,
Сөзін жеткізген кезінде.
“Бәрі өкінсін” деп шақыруда
Құдай Ұлы бүгінде.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Шыңдайық қайрап сенімді,
Тас қамалдай болсын берік.
Сай болса әрбір ісіміз,
Сенім — құтқарылуға кепілдік.
-
2. Ізгі хабарды біз паш етеміз,
Сөзін Исаның екі етпей.
Үміт беретін Құдай хабарын
Батыл айтамыз бүкпей.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Шыңдайық қайрап сенімді,
Тас қамалдай болсын берік.
Сай болса әрбір ісіміз,
Сенім — құтқарылуға кепілдік.
-
3. Берік сеніммен еш шайқалмайтын
Тайсалмай басамыз алға.
Беріп көмегін Құдай қолдайды,
Жеңіс күтіп тұр алда.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Шыңдайық қайрап сенімді,
Тас қамалдай болсын берік.
Сай болса әрбір ісіміз,
Сенім — құтқарылуға кепілдік.
(Рим. 10:10; Ефес. 3:12; Евр. 11:6; Жох. 1-х. 5:4 қараңыз.)