Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

120-ӘН

Мәсіх сияқты жұмсақ болыңдар

Мәсіх сияқты жұмсақ болыңдар

(Матай 11:28—30)

  1. 1. Иса Мәсіх ұлы тұлға болғанмен,

    Өзімшіл, көкірек болып кетпеген.

    Құдайдан алса да ол іс маңызды,

    Жұмсақтық танытып, кішік боп қалды.

  2. 2. Еңсесін ауыр жүк басқан жандарды

    “Кел!” деп өзіне Мәсіх шақырады.

    Сергітер жұмсақ адамның бәрін де,

    Иеміз болған соң жұмсақ өзі де.

  3. 3. Өзара бауырмыз, Иса айтқандай,

    Сөзін оның жүрміз жерге тастамай.

    Ехоба жұмсақ болғанды сүйеді,

    Мұндайға мұра қып жерді береді.