Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

139-ӘН

Жұмақта жүргеніңді елестет

Жұмақта жүргеніңді елестет

(Аян 21:1—5)

  1. 1. Қара, міне, екеуміз де,

    Жүрміз көппен біз жаңа дүниеде.

    Артта қалды бар жамандық,

    Кеуде керіп, кең тыныс алдық.

    Құдай отыр өз тағында,

    Зұлымдықтың жоқ нышаны да.

    Міне, кез келді жаңа жер орнайтын,

    Бірге бәріміз мадақ әнін шырқайтын!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба, рақмет! Ғажап істерің!

    Ұлың Иса жаңартты жер бетін.

    Ән-жыр төгіледі ризашыл жүректен,

    Мадақ, құрметке лайықсың, Әке, тек сен!

  2. 2. Қара, міне, екеуміз де,

    Жүрміз әсем табиғат төсінде.

    Үрей, қауіп — бәрі кеткен,

    Құдай жерге шатырын тіккен.

    Уәделері дәл айтқандай,

    Орындалды бірі де қалмай.

    Қазір оянып көз жұмған адамдар,

    Мадақ әніне шын жүректен қосылар!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехоба, рақмет! Ғажап істерің!

    Ұлың Иса жаңартты жер бетін.

    Ән-жыр төгіледі ризашыл жүректен,

    Мадақ, құрметке лайықсың, Әке, тек сен!