27-ӘН
Құдай балаларының паш етілуі
-
1. Майланғандар аян болар
Уақыт таяп келді.
Бәрі Мәсіх Иемізбен
Патша болар енді.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Таңдап алған балаларын
Құдай паш етеді.
Олар Патшамыз Мәсіхпен
Жауларын жеңеді.
-
2. Естігенде қалғандары
Шақыруды соңғы,
Жиналады Иеміздің
Қасына барлығы.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Таңдап алған балаларын
Құдай паш етеді.
Олар Патшамыз Мәсіхпен
Жауларын жеңеді.
ӨТКЕЛ:
Иемізбен бірге олар
Соңғы рет соғысар.
Неке құрып зор шаттықпен
Біржола тоғысар.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Таңдап алған балаларын
Құдай паш етеді.
Олар Патшамыз Мәсіхпен
Жауларын жеңеді.
(Дан. 2:34, 35; Қор. 1-х. 15:51, 52; Сал. 1-х. 4:15—17 қараңыз.)